Жаңалықтар

Қытайдың ұлттық телеарнасында қазақстандық ғалымдардың зерттеуі көрсетілді

Қытайдың ұлттық телеарнасында қазақстандық ғалымдардың зерттеуі көрсетілді
Фото: gov.kz 11.10.2024 05:33 462

Қытайдың CCTV ұлттық арнасында Kozybayev university ғалымдары мен зерттеулері көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қозыбаев университетінің Агротехнологиялық факультетінің ғалымдары Қытайдың Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің әріптестерімен бірлесіп, бидай және басқа да дақылдардың экологиялық сорттарын сынау бойынша зерттеулер жүргізуде. Соның нәтижесінде, әртүрлі климаттық жағдайларға бейімделе алатын бидай сорттары өсірілді.

Профессор Жан Джимао бидайдың жаңа сорттарын өсіру жөніндегі қазақстандық ғалымдармен бірлескен топты басқарады. Жақсы өсім мен тұқым өнімділігі зерттеулер нәтижелерінің Қазақстанда ресми тіркелуіне әкелуі мүмкін.

Екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық ғылыми кадрларды даярлауды да қамтиды. Солтүстік-батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университеті Қозыбаев университетінің оқытушыларына арнап, докторантураға 2 грант бөлді. Қазіргі таңда олар Қытайда оқуларын сәтті бастады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға