Жаңалықтар

Қытайдың су басқан аудандарында 40 мыңдай адам қалып қойды

Қытайдың су басқан аудандарында 40 мыңдай адам қалып қойды
Фото: China Daily/Reuters 23.04.2024 14:55 913

Қытайдың Гуандунь провинциясында тұрғындар су басқан аудандарда қалып қойған. Оларды құтқаруға қайықтар жіберіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қытайда бірнеше күннен бері толассыз жауған нөсер жауын салдарынан халқы ең көп Гуандун провинциясында қатты су тасқыны болды. Төпелеп жауған жаңбырдан өзендер арнасынан асып, соңғы 50 жылда болмаған ең жоғары деңгейге көтерілген. Ал елдің оңтүстігінде көшкін басталған.

Тасқын кезінде 4 адам қаза тауып, 11 тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті. Мектептер жабылып, миллионнан аса үй жарықсыз қалған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға