Қытайдан тауарды жедел тасымалдайтын пойыз іске қосылды

Фото: El.kz
Фото: El.kz
17.03.2023 15:36
1018
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ интернет-дүкендерден сатып алынған тауарларды апта сайын тасымалдайтын транзиттік пойыз іске қосылғанын хабарлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Интернет арқылы сатып алынған тауарлары бар тұрақты транзиттік шаттл-пойыз Үрімші (ҚХР) бағыты бойынша Алашаңқай – Достық шекаралық өткелі арқылы Ресей бағытында, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстанға қатынайтын болады. Тасымалдау ұйымдастырушысы – KTZ Express "Atasu Logistics" ЖШС. Жүкті межелі станцияға жеткізу мерзімі 7-10 күнді құрайды. Тұрақты қызмет көрсету жиілігі – апта сайын. Болашақта тасымалдау көлемі ұлғайса, шаттлдарды жөнелту жиілігі де ұлғаяды, деп жазылған ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Алдыңғы жаңалық
Астананың мектептері мен колледждерінде қазақ күйлері орындалды
Келесі жаңалық
Қазақстанда әр екінші неке ажырасумен аяқталады