Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық әуежайдағы фитосанитариялық бақылау бекетінде қала аумағына әкелініп жатқан өнімдерге кезекті бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізу кезінде Қытай елінен келген гүл кесінділерінен карантиндік объект – батыс гүл трипсімен залалданған 400 дана қалампыр гүлі легін анықталып жолы кесілді, - делінген ақпаратта.
Аталған фактілер бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 400-бабы, 2 бөліміне сәйкес өнім иесіне әкімшілік іс қозғалып, соттың шешіміне сәйкес 110 760 теңгеге айыппұлдар салынды. Залалданған өнімдер легі алынып, өртеу әдісімен жойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Александр Усик Тайсон Фьюриді екінші рет жеңді