gscarbuy.com

Қытайдағы ең танымал көліктердің тізімі жарияланды

20.10.2025 19:06

Биыл жыл басынан бері Қытайда ең танымал бренд – BYD, ал ең танымал модель Geely Xingyuan болды. Бұл туралы «Китайские автомобили» басылымындағы деректерге сүйене отырып kolesa.kz хабарлайды, деп жазады El.kz интернет порталы.

Алғашқы үш тоқсанда қытайлар отандық және шетелдік бренд өнімдерін көптеп алған.

BYD Қытайда 2,3 миллионнан аса автомобиль сатып, бәсекелестерінен едәуір озып кетті. Бірақ соңғы кездері BYD саудасының өсу қарқыны мен нарықтағы үлесі төмендей бастады. Екінші орында Volkswagen (1,4 млн машина), үшінші сатыда Toyota (1,15 млн) тұр. Бестікке Geely (864 400 дана) мен Wuling (704 600) енді.

2025 жылғы тоғыз ай қорытындысы бойынша Қытайдағы үздік 10 марка

Танымал көлік маркалары

Алғашқы үш тоқсандағы танымал модельдер тізімін Geely Xingyuan хетчі бастап тұр, ол Tesla Model Y кроссоверін бірінші орыннан ығыстырды (үздік маркалар рейтингінде Tesla 10-орынға жайғасты). Geely моделінің 343 300 данасы өтсе, Tesla кроссоверін 292 800 тұрғын сатып алған. Үшінші қатарға жақында жаңа буыны шыққан арзан электрокар Wuling Hongguang MiniEV тұрақтады.

Сарапшылар рейтингке екі BYD моделі – Qin Plus пен Seagull-ды қосты. Биыл елдегі ең танымал 10 модельдің жетеуі жергілікті өнімдер.

2025 жылғы тоғыз ай қорытындысы бойынша Қытайдағы үздік 10 модель:

Танымал модельдер