Қытайда жүргізуші өлім жазасына кесілді
20.01.2025 16:24
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Қытайда 35 адамды өлтірген көлік жүргізушісі өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қытайдың орталық телевидениесінің мәліметінше, ер азамат кінәсін мойындаған.
Естеріңізде болса, 11 қараша күні елдің оңтүстігіндегі Чжухай қаласында Фань Вэйцю есімді ер азамат бір адамды көлікпен қағып өлтірген. Әйелімен ажырасқан ол спортпен шұғылданып жүрген адамдарды соққан. Салдарынан 35 адам көз жұмып, 43-і жарақат алды. Жүргізуші оқиға орнынан қашып құтылмақ болғанымен, оны полиция ұстаған.
Сот Фань Вэйцюді өлім жазасына кесті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

