Қытайда жас жігіт колледже 17 адамды пышақтап өлтірді
17.11.2024 08:27
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
Қытайдың шығысындағы Исин қаласындағы колледжде жас жігіт пышақпен шабуыл жасап, салдарынан 17 адам қайтыс болды, тағы 17-сі жарақат алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
CNN мәліметінше, қайғылы оқиға сенбі күні кешке Өнер және технологиялар жоғары кәсіби институтында болған.
Күдікті оқиға орнында ұсталды, - делінген полиция мәліметінде.
Белгілі болғандай, жас жігіт жақында ғана өзі осы оқу орнын тәмамдаған. Ал мұндай қадамға емтихан кезінде төмен баға алғаны үшін барғаны айтылған.
Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.

