Қытайда «Тапа» тайфунынан 41 мың адам эвакуацияланды
08.09.2025 23:10
Фото:
Видеодан алынған кадр
Қытайдың Гуандун провинциясында «Тапа» тайфунына байланысты 41 мыңнан астам адам қауіпті аймақтардан көшірілді. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Агенттіктің Telegram-арнасындағы мәліметке сәйкес, Тайшань қаласындағы 182 мектеп пен балабақшада сабақтар уақытша тоқтатылып, шамамен 120 мың оқушы үйлерінде қалған. Бұдан бөлек, Цзянмэнь қаласының әртүрлі бөліктерінен 41 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Белгілі болғандай, тайфун эпицентріндегі желдің ең жоғары жылдамдығы секундына 30 метрге жеткен.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

