Жаңалықтар

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға орала ма

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға орала ма
Фото: Әлеуметтік желі 12.04.2024 16:26 1519

Бас прокуратура Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанға қайтаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қытайда сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың өтініші негізінде қытай тарапына оны Қазақстанға ауыстыру туралы сұрау салынды. Қытайдың әділет министрлігінің жауабына сәйкес, Ақжарқын Тұрлыбайды жазасын одан әрі өтеу үшін Қазақстанға беруден бас тартылды, себебі оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Қазіргі уақытта Ақжарқын Тұрлыбайды Қазақстанда ауыстыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр, - деп хабарлады бас прокуратура өкілдері. 

Айта кетейік, Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында ұсталған болатын. Оған шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде отандасымыз 20 жаста болған еді. 2015 жылдың маусымында Қытай соты оны өмір бойына бас бостандығынан айырды. Сотта Ақжарқын шетелдік досы алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындаған жоқ.

2016 жылы сот шешімі жойылып, іс қайта қарауға жіберілді. Араға үш жыл салып, 2019 жылдың 27 желтоқсанында Гуанчжоу соты үкім шығарды – жаза өзгеріссіз қалды. 2019 жылы Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова Қазақстан президентіне көмек сұрап хат жазды. 2019 жылы қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапары кезінде ізгілік танытып, Ақжарқынды Отанына қайтаруға жәрдемдесуге шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға