youtube.com/@XRoboHub

Қытайда смартфон құнымен бірдей робот жасалды

Бейжіңнің Noetix Robotics компаниясы үйде қолдануға арналған қолжетімді адамтектес Bumi роботын нарыққа шығарды. Бұл туралы South China Morning Post сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Бойы 94 сантиметрді және салмағы 12 келіні құрайтын бұл роботты алдын ала тапсырыспен 9 988 юаньға (шамамен 753 мың теңге) сатып алуға болады, яғни орташа деңгейдегі смартфонның құнымен бірдей.

Bumi жобасы – адамтектес роботтардың жаппай тұтыну нарығына енуіндегі маңызды қадам. Себебі ол ғылыми инновациялар мен қолжетімділікті үйлестіре отырып жасалған.

Робот негізінен білім беру және отбасылық мақсаттарда пайдалануға арналған. Ол екі аяқпен жүріп, тіпті билей де алады. Құрылғының батареясы 1-2 сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істеуге жетеді.