Associated Press © 2025, Andy Wong

Қытайда пойыз жылдамдығын сағатына 453 шақырымға дейін арттырды

Қытайдың Орталық телеарнасының хабарлауынша, жаңа CR450 үлгісіндегі пойыз сынақ барысында сағатына 453 шақырым жылдамдыққа жеткенғ деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сынақтар Шанхай – Чунцин – Чэнду бағытындағы жоғары жылдамдықты теміржолда өтіп жатыр.

Мәліметке сәйкес, пойыз 350 км/сағ жылдамдыққа небәрі 4 минут 40 секундта жетеді. Мұндай нәтижеге жетуге жетілдірілген аэродинамикалық құрылым мүмкіндік берген. Бұдан бөлек, жаңа үлгінің тежеу жолы қысқарып, тұрақтылығы артқан және басқару жүйесі бұрынғы нұсқаларға қарағанда анағұрлым сенімдірек болған.

Жоспар бойынша, пойыз 600 мың шақырымдық сынақ сапарынан кейін жолаушыларды тасымалдауға кіріседі.