Жаңалықтар

Қытайда өрт сөндіру және құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты басталды

Қытайда өрт сөндіру және құтқару спорты бойынша әлем чемпионаты басталды
Фото: gov.kz 08.09.2024 12:10 265

7 қыркүйекте Харбин стадионында әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ашылу рәсіміне Қытай Халық Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Ван Сянси, Хэйлунцзян провинциясы халық үкіметінің төрағасы Лян Хуйлин, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, Қазақстан Республикасы Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Рамиль Камалов, Беларусь Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Владимир Супоненко, Өзбекстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Санжар Зупаров, делегация басшылары, команда өкілдері, жаттықтырушылар, дәрігерлер және спортшылар қатысты.

Хэйлунцзян провинциясының халық үкіметінің төрағасы Лян Хуйлин, Өрт сөндірушілер халықаралық спорт федерациясының президенті Александр Чуприян және Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың халықаралық спорт федерациясының атқарушы дирекциясы директоры Андрей Калинин құттықтау сөз сөйледі. Қытай Халық Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Ван Сянси чемпионаттарды ресми түрде ашық деп жариялады.

8 қыркүйекте  әлем чемпионатының кедергілері бар 100 метрлік жолақты еңсеру  атты екінші кезеңі өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға