Қытайда мектеп спортзалының шатыры опырылып, 10 адам қаза тапты
24.07.2023 10:45
Фото:
Weibo account of People's Daily
Қытайдың солтүстік-шығысында Хэйлунцзян провинциясы Цицикар қаласында орта мектеп спорт залының шатыры опырылып, 10 адам қаза тапты, тағы бір адам үйінді астында жатыр. Бұл туралы Қытай орталық телеарнасы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Цицикар қаласындағы орта мектептің спорт залының шатыры жексенбі, 23 шілдеде опырылған. Оқиға болған кезде ғимаратта 19 адам болған. Оның төртеуі өздері қашып үлгерген, ал 15 адам үйінді астында қалған. Тағы бір адам үйінді астында жатқаны нақтыланды.
Іздеу-құтқару операциясы жалғасып жатыр. Оқиғаның неден болғаны белгісіз. Хэйлунцзян провинциясының билігі ТЖ толық тергеуді тапсырды
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

