Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі Бейжің ұлттық аспаптар оркестрінің және Қытайдың Ұлттар университетінің студенттерімен және ұстаздарымен бірлесіп Қазақстанның ұлттық мерекесі – Домбыра күнін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жас музыканттар ұстаздармен бірге қытай ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен Асылбек Еңсеповтың «Хафиз» күйін домбырамен орындады.
2015 жылы ресми түрде құрылған Бейжің ұлттық оркестрі – Бейжіңдегі қазақтың ұлттық аспабы «Домбырада» ойнауды кәсіби түрде үйрететін жалғыз оркестр. Бұл оркестр Қытайдағы және шет елдердегі ең үлкен сахналарда өнер көрсететін 500-ден астам музыканттары бар Бейжіңдегі ең ірі муниципалдық мәдени және өнер ұжымдарының бірі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

