chines

Қытайда алғашқы кәуап институты ашылады

Қытайдың Хунань провинциясындағы Юэян қаласында алғаш рет шашлық (барбекю) институты құрылмақ. Юэян ашық университеті мен қалалық Барбекю ассоциациясы үкіметтің қолдауымен кәсіби білім беру платформасын іске қосуға келісімге келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Институттың мақсаты - шашлық бизнесін ұйымдастырылған және интеграцияланған салалық жүйеге айналдыру. Қалада 2 мыңнан астам шашлық орыны бар, онда 50 мыңға жуық адам жұмыс істейді, ал жылдық айналымы 2 миллиард юаньға (шамамен 150 млрд теңге) жетеді.

Юэян ашық университетінің вице-президенті Цзян Цзунфу институт жастары арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге сеп болатынын айтты. Шағын бизнес саласында жұмыс істеу оңай, табыс әлеуеті жоғары болғандықтан, жастар арасында танымал болып отыр.