startup

Қытайда адамға ұқсас роботтарды жаттықтыруға арналған база ашылды

Қытайдың Шанхай қаласында алғаш рет адамға ұқсас роботтарды жаттықтыруға арналған база іске қосылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, бұл орталық роботтарды әртүрлі салаларда қолдануға үйретіп, алынған мәліметтерді роботтардың интеллект деңгейін жақсарту үшін өндіруші компанияларға жеткізетін болады.

Бастапқы кезеңде орталыққа 100 адамға ұқсас жасанды интеллект роботтары орналастырылады. Оларды оннан астам сценарий бойынша жаттықтырып, әртүрлі тапсырмаларды орындауға үйретеді. Жиналған ақпарат кейіннен жасанды интеллект пен робототехника саласындағы зерттеулерді дамытуға қолданылады.

Жаңа база роботтарды нақты өмір жағдайларында сынап, олардың қабілетін жетілдіруді мақсат етеді, бұл Қытайдағы робототехника индустриясын дамытудың маңызды қадамы болып отыр.