Қытайда 6G-ді іске қосты: интернет жылдамдығы 5G-ден 14 есе жоғары
Мөлдір Қайнар тілші
China Mobile компаниясы әлемдегі алғашқы 6G байланыс желісін сынақтан өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл — алтыншы буындағы сымсыз технологияларды сынауға арналған алғашқы жоба. Желі инфрақұрылымына 10 базалық станция кіреді. Жоба әзірге тек зерттеу мақсатында жүзеге асырылуда және коммерциялық қолданысқа арналмаған.
Бұл туралы MyDrivers басылымы жазды.
China Mobile мәліметінше, пилоттық сынақтар барысында деректерді беру жылдамдығы 280 Гбит/с деңгейіне жеткен. Бұл көрсеткіш қазіргі 5G желілерінің теориялық шегінен 14 есеге жоғары. Мұндай жылдамдықпен 50 ГБ көлеміндегі ақпаратты небәрі 1,4 секундта жүктеуге болады — бұл қазіргі ең жылдам сымды интернеттен әлдеқайда тиімді.
Компанияның айтуынша, 6G бағытындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға салынған жалпы инвестиция көлемі 39,1 млрд юаньнан асқан. China Mobile Қытайдағы төрт ірі ұлттық ғылыми-техникалық жобаға қатысып, алдыңғы қатарлы 10 6G-технологияны дамыту бойынша стратегиялық бағыттарды белгіледі.
Алдын ала жоспарға сәйкес, Қытайда 6G желілерінің толық ауқымды іске қосылуы 2028 жылға қарай басталуы мүмкін.

