Қытайдың Таншань қаласында 25-қабаттан құлаған қыз аман қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
9 жасар мектеп оқушысы қапырық ыстықтан өзін ыңғайсыз сезініп, терезені ашпақшы болған. Алайда терезе мықты болмағандықтан, қыз құлап кеткен. Абырой болғанда, 7-қабаттағы жұмсақ жақтауға түскен.
Қызымды құтқару барлығын сендіруге мәжбүр етті: оны әлдебір мықты құдай қорғап тұрған сияқты. Денесінде бірнеше сынықтары анықталғанымен, ол біртіндеп жазылып келеді! - деді қыздың анасы.
Жақтаудан оны көршісі тауып, баланың өзі біршама жүріп кетуге тырысқанын, бірақ қатты ауырып қайта құлағанын айтты.
Қыз дереу Бейжіңдегі ауруханаға жеткізілді. Диагноз бойынша бірнеше сынық анықталды, бірақ миына зақым келмеген. Бірнеше отадан кейін бала үйіне оралды.
Қытай әлеуметтік желілерінде «Ғажайып қыз» аталып кеткен бұл оқиғаны көптеген адамдар шынайы кереметке теңеп отыр.

