Жаңалықтар

Қытай тілі Сауд Арабиясының мектеп бағдарламасына енгізілді

Қытай тілі Сауд Арабиясының мектеп бағдарламасына енгізілді
Фото: et.happyclasses.ee 23.08.2023 11:57 1154

Сауд Арабиясының мектептерінде қытай тілінен сабақ өткізіледі. Saudi Gazette мәліметінше, елдің тақ мұрагері саналатын ханзадасының Бейжіңге сапары барысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Сауд Арабиясы Білім министрлігі корольдіктегі барлық мемлекеттік және жекеменшік мектептерде қытай тілін үйрету бағдарламасын жүзуге асыруды тапсырды. Сабақ семестр бойы аптасына екі реттен өтеді. Қытай тілі орта мектептің екінші курс оқушыларына үйретіледі.

Әр білім басқармасында қытай тілінен сабақ өткізілетін бірнеше мектеп анықталады, - делінген мәліметте.

Мұндай шешім тақ мұрагері саналатын ханзада әрі елдің премьер-министрі Мухаммед бен Салманның Бейжіңге сапары барысында қабылданған.

Екі тарап қытай тілі елдегі барлық білім беру мекемелерінде, мектептен бастап университтерге дейін өткізілетіні жайлы келіскен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға