Жаңалықтар

Қытай қаржыландырған Абай облысындағы жол құрылысы қашан аяқталады?

Қытай қаржыландырған Абай облысындағы жол құрылысы қашан аяқталады?
Фото: parlam.kz 14.06.2023 14:27 870

Абай облысының Көкпекті, Ақсуат аудандары, Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Зайсан, Марқакөл аудандары ешқайда  не ауруханаға, не тауар тасымалына қатынаса алмай отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов вице-премьер Роман Склярға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қалбатау-Майқапшағай» бағыты бойынша 415 шақырымдық жол бүгінгі күнде Абай облысы бойынша  197  шақырым, Шығыс Қазақстан облысында 218 шақырымды құрайды. Бұл жол  Қытай Халық Республикасының қаржыландыруымен салынуда.

Жұмыс 2016  жылдың шілде айынан 2024 жылдың қарашасына  дейін аяқталуы керек еді. Бірақ осы жеті жылдың ішінде  бар салынғаны 156 шақырым ғана. Ол  Майқапшағайдан Ақ мектепке дейінгі ара қашықтық,  оның өзі де үзік-үзік,  тек биылғы жылы ғана  толығымен аяқталуы тиіс.  Бұл аталған  бес  лотты  Қытайдың «Синь-Синь» компаниясы салуда, - дейді депутат.

Ал Абай облысының Көкпекті, Ақсуат аудандары, Шығыс Қазақстанның Тарбағатай, Зайсан, Марқакөл аудандарының ауруханаға қатынауының өзі мұң болған.

Бүгінде «Майқапшағай»  кедені жұмыс істеп тұр,  транзиттік жүк  тасымалдаушылар апталап осы жолдың  бойында қиындық көруде. Өзіміздің халықты айтпағанда,  шет ел жүргізушілерінің  біздің еліміз туралы  не ойлайтыны  белгілі.

Сонымен қатар  «Өскемен-Алтай-Рахман қайнары» жолы,  айтылған  шекаралық аймақтарға  айналып өтетін  жол құрылысы да,  сақалды құрылысқа айналды. Бұл құрылысқа да қаржыландыру  қарастырылмаған, - деп нақтылады Ұлықбек Тұмашинов.

Мәжілісмен Роман Склярдан мына сұрақтарға жауап беруін сұрады:

«Қалбатау - Майқапшағай» автомобиль жолын қайта жаңарту  және «Талдықорған - Қалбатау - Өскемен» автомобиль жолын қайта жаңарту нысандарын толыққанды аяқтау үшін Үкімет қандай шаралар қолдануда? Аталған  нысандары нақты қашан аяқталады деп жоспарлануда «Өскемен-Алтай-Рахман қайнары» жолын қаржыландыру қашан басталады?, - деді Мәжіліс депутаты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға