Жаңалықтар

Қытай мен Өзбекстанда жаңа теміржол желілері салынбақ

Қытай мен Өзбекстанда жаңа теміржол желілері салынбақ
Фото: El.kz 25.11.2022 15:58 1835

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамының екінші топтамасына қатысты өткен отырыста айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Самұрық-Қазына АҚ өкiлi Ернат Бердіғұлов жаңа теміржол желілері салынатынын айтты.

«Аягөз станциясынан Қытаймен шекаралас Бақты пунктіне дейін жаңа темір жол салынады. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол өткелін құруға мүмкіндік береді», – деді ол.

Сондай-ақ ол Өзбекстанда жаңа теміржол салынады деп отыр.

«Қазақстанның оңтүстігіндегі Дарбаза станциясынан Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы Өзбекстанмен шекараға дейін жаңа теміржол салынады. Бұл Ташкентті айналып өтетін жүктерді жеткізуге және Сарыағаш станциясы маңындағы қолданыстағы темір жол өткелінің жүктемесін түсіруге мүмкіндік береді», - деді.

Айта кетейік, бірінші топтама 13 жобадан тұрады. Оған 3 трлн теңге бөлінген болатын. Ал екінші топтамада 18 жоба бар. Оған 13,9 триллион теңге бөлінді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға