Видеодан кадр

Қытай мен Өзбекстанда пранк жасаған блогердің үстінен іс қозғалды

24.10.2025 06:37

Полиция қызметкерлері қоғамдық орында әдепсіз әрекеттер жасап, оны әлеуметтік желілерде таратқан қазақстандық блогерге қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Анықталғандай, А.есімді азаматша Өзбекстан метросында өз іс-әрекетін бейнежазбаға түсіріп, жолаушыларға әдейі тиіскен және сол жазбаны жеке парақшаларында жариялаған.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін оған қатысты әкімшілік іс қозғалды. Іс шешім шығару үшін сотқа жіберілді.

Еске салайық, аталған азаматша бұған дейін де осындай әрекеттерге жол берген, сол кезде онымен профилактикалық әңгіме жүргізілген болатын. Алайда, ол тиісті қорытынды шығармағаны байқалады.

Мұндай қылықтар қоғамдық моральға құрметсіздік танытады және іс-әрекеттің белгіленген нормаларын бұзады. Полиция, қоғамдық орындардағы әдепсіз, арандатушылық немесе адамның ар-намысын қорлайтын кез келген іс-әрекетке жол берілмейтінін және заң аясында жауапкершілік қарастырылатынын еске салады.