Қытай компаниясы жасанды интеллектке негізделген көзілдірік жасады
Қытайдың Alibaba компаниясы жасанды интеллект (ЖИ) жүйесімен жабдықталған Quark S1 смарт-көзілдіріктерінің шығарылатынын жариялады. Бұл туралы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Оқи отырыңыз:
- Тегін ІІ көмекші: Alibaba Qwen қалай жұмыс істейді?
- Қазақстан әлемдік оқу орнымен бірлесіп жасанды интеллект университетін ашады
Белгілі болғандай, Quark S1 көзілдіріктері Alibaba әзірлеген Qwen нейрожелісі негізінде жасалған. Құрылғы пайдаланушыны қоршаған кеңістікті тіркейтін мөлдір дисплейлермен жабдықталған. ЖИ көзілдірік арқылы көрінетін бейнеге «контекстік ақпаратты» қабаттастыра алады. Сондай-ақ құрылғы 24 сағат бойы қуаттамай жұмыс істей алады.
Quark S1-дің іске қосылуы Alibaba-ның ЖИ нарығындағы позициясын күшейте түсетіні атап өтілді. IDC зерттеу бөлімінің директоры Софи Панның айтуынша, компанияның смарт-көзілдіріктерінің Қытай нарығына шығуы «бәсекелестік ландшафтын өзгертеді».
Alibaba-ның бұл жаңалығы Meta компаниясы Ray-Ban брендімен бірлесіп шығарған ЖИ көзілдіріктеріне балама ретінде ұсынылып отыр. Quark S1-дің бағасы – 537 АҚШ доллары.
Бұған дейін Google Nano Banana Pro атты жаңа нейрожелісін таныстырған болатын.

