Жаңалықтар

Қытай Халық Республикасына мұнай экспорты ұлғаяды

Қытай Халық Республикасына мұнай экспорты ұлғаяды
Фото: ortcom.kz 30.12.2022 13:03 1386
ҚР Энергетика министрлігінің жылдық қорытындысы мен 2023 жылға арналған даму перспективалары туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов баяндама жасады. Келер жылы мұнай-газ саласының әлеуетін арттыру бағытында үлкен жобалар мен өзерістер күтілуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2022 қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 84 млн тоннаға өскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 96,5%-ға көп. Ал оны өңдеу көрсеткіші былтырған қарағанда 5,8%-ға көтерілді.

«Жыл қорытындысы бойынша мұнай өңдеу 18 млн тоннаны құрады. Мұназды өңдеу, өндіру және экспорттау бойынша жаңа ірі жобалар қарастырылып жатыр. 2030 жылға дейін құрастырылған жоба бар. Олардың әрбірін іске асыру үшін зауыттарда бірқатар жөндеу жұмыстары жүргізілуі керек. Құрылыстың сметалық жобаларында 2025 жылға дейін жұмыстар аяқталады деп күтілуде», дейді Болат Ақшолақов.

Республикадағы үш ірі мұнай заводтарында үлкен жобаларды іске асыру міндеті қойылып отыр. Сонымен қатар, жаңа зауыт салу жоспары да қарастырылып жатыр. Жөндеу жұмыстары жүргізілген уақыт аралығында мұнай өндіру мен өңдеу көрсеткіші 2,2%-ға төмендеуі мүмкін дегенді ескертті.

 «2024 жылдан бастап жылдық көрсеткішті 12 млн тоннаға ұлғайтамыз. 2023 жылы шетелдік әріптестермен бірлесіп, ірі мұнай-газ жобаларын дамытудың кешенді жоспары әзірленетін болады. ТрансКаспий жолдарын кеңейту мен теміржол жолдарын жаңғырту жобалары жүзеге асатын болады. Бұл арқылы біз Қытай Халық Республикасына мұнай экспортын ұлғайтып, экономика деңгейі көтеріледі», деді ол.

Халықты алаңдатқан бензин бағасы келер жылы тұрақты болады дегенді алға тартты. Мұнай мен газ өндірісі азайғанмен бұл халықтың әл-ауқатына зиянын тигізбейді.
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға