Қытай Вашингтон мен Бейжің арасындағы сауда соғысының аясында американдық фильмдердің көрсетілім санын азайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
АҚШ үкіметінің ҚХР-ға қатысты баж салығын асыра пайдалануының қате практикасы қытайлық көрермендердің америкалық фильмдерге деген қызығушылығының одан әрі төмендеуіне әкелуі сөзсіз, - делінген ведомство мәлімдемесінде.
Осылайша нарық заңдарын ұстанып, көрерменнің таңдауына құрметпен және импортталатын америкалық фильмдердің санын біршама қысқартамыз деп жұбатты. Сондай-ақ, басқарма Қытайдың әлемдегі екінші ең ірі кинонарық екенін атап өтті.
Біз әрдайым сыртқы әлемге ашықтықтың жоғары деңгейін ұстанып келеміз және нарық сұранысын қанағаттандыру үшін әлемнің көбірек елдерінен үздік фильмдерді ұсынатын боламыз, - делінген мәлімдемеде.
2025 жылы Қытайда көрсетілген фильмдердің шамамен 85%-ы жергілікті туындылардан тұрады.

