Жаңалықтар

Қытай Apple өнімдерінен бас тартып жатқаны белгілі болды

Қытай Apple өнімдерінен бас тартып жатқаны белгілі болды
Фото: Apple.com 17.12.2023 21:51 1252

Кейінгі уақытқа дейін Apple мен Қытай арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейге жеткен - компания өндірісті белсенді дамытып, Қытай нарығының қажеттілігін өтеу үшін барын салды, ал Қытай билігі жұмыс орындары мен салық алып отырды. Қарапайым тұтынушылар ең заманауи «Apple» өнімдерін алуға тырысатын. Қытайдың түкпір-түкпіріндегі компаниялар өз қызметкерлерінен Apple iPhone телефонын (және шетелдік брендтердің басқа да гаджеттерін) жұмысқа әкелмеуді талап етіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бұл үрдіс 10 жыл бойы жүргізіліп келеді - Қытай мемлекеттік ұйымдарға талап қоя отырып, шетелдік технологияларға тәуелділікті азайтуға ұмтылуда. Bloomberg мәліметі бойынша, соңғы айда екі ірі үкімет органы қызметкерлерінен жергілікті гаджет брендтеріне ауысуы талап етілген құжат қабылдады.

Компаниялар iPhone және басқа да Apple өнімдеріне тыйым салатын ережелер мен нұсқаулықтарды өз беттерімен шығарып жатыр.

Бір қызығы, бұл процесс ерекше жылдам жүргізіліп жатқан аймақтардың қатарында әлемдегі ең ірі iPhone шығаратын зауыт орналасқан Хэбэй провинциясы да бар.

— Әрине, Apple басшылығы бұл жағдайдан хабардар. Алайда ештеңе істей алмайды. Енді Қытай мен Apple компанияларының жолы теңіздегі кемелер сияқты алшақтайтыны анық, - деп жазады басылым.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға