Жаңалықтар

Қыстың алғашқы күндері ауа райы қандай болады

Қыстың алғашқы күндері ауа райы қандай болады
Фото: pixabay.com 29.11.2024 14:19 114

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен: еліміздің солтүстік бөлігінде қар, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын, 30 қараша, 1 желтоқсанда оңтүстікте және оңтүстік-шығыста, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болады деп болжануда. Тек еліміздің батысында жоғары атмосфералық қысымның аясында, айтарлықтай жауын-шашынсыз тыныш ауа-райы басым болады. Республика бойынша тұман мен желдің күшеюі күтілуде.

Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға