threads.com/@baidolda/ЖИ көмегімен жасалған

Қыста жылдамдықты 80 км/сағ асырғандар айыппұл төлейді

Жолдардағы камералар маусымдық өзгерістерге автоматты түрде көшіп, жүргізушілер қазірдің өзінде айыппұл алып жатыр. Бұл туралы Kolesa.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.

Қазақстан жолдарында қыста жылдамдықты шектеу ережелері уақытша күшіне енді. Бұдан былай қолайсыз ауа райы кезінде жылдамдықты сағатына 80 шақырымнан асыруға болмайды.

Жеңіл көлік мінгендер автомагистраль бойымен – 140 км/сағ, бөлгіш жолағы бар жолда – 110 км/сағ, басқа көшелерде 100 км/сағ жылдамдықпен қозғала алады. Бірақ күн суып, қар жауа бастағанда бұл көрсеткіш сағатына 80 шақырымнан аспауы тиіс. Тіпті күн ашылса да, шектеу бірден күшін жоймайды, - делінген мәліметте.

Бұл ақпаратты трассадағы электрондық белгілерден көруге болады. Ал егер ережеге бағынбасаңыз, 10 АЕК көлемінде (Әкімшілік кодекстің 592-бабы) айыппұл арқалайсыз.

«Қазавтожол» компаниясы хабарлағандай, жылдамдық шегі өзгерген кезде тас жолда тұрған камералар жаңа мәнге автоматты түрде бейімделіп, шектеу күшін жойған соң ғана бұрынғы нормаға оралады.

Қазір көлік қозғалысын бақылайтын құрылғылар республикалық трассалардағы 13 ақылы бөлікте жұмыс істеп тұр:

Астана – Щучинск;

Жібек жолы – Теміртау;

Астана – Павлодар;

Шымкент – Қызылорда;

Шымкент – Өзбекстан шекарасы;

Шымкент – Тараз;

Тараз – Қайнар;

Қонаев – Талдықорған;

Павлодар – Семей – Қалбатау;

Орал – РФ шекарасы (Саратов);

Павлодар – РФ шекарасы (Омбы);

Бейнеу – Ақжігіт;

Орал – РФ шекарасы (Самара).