Жаңалықтар

Қыста бас киімсіз жүру неге қауіпті?

Қыста бас киімсіз жүру неге қауіпті?
Фото: © Pixabay.com 12.01.2024 14:45 1305

Жыл мезгілдерінің ішіндегі қызығымен суығын бірге ала келетін қыс мезгілінің орны ерекше.Желтоқсан айынан басталған қыс мезгілі ұлпа қарымен, ұйтқып соққан боранымен, сары шұнақ аязымен есте қалады. Алайда, аяз бен суықтан қорғану жолдарын да ұмытпаған жөн. Қыс мезгілінде міндетті түрде кию керек бұйымдардың бірі – бас киім.

                  

Қыста бас киімсіз жүруге бола ма?

Адамдардың көпшілігі қыста бас киім киюдің маңыздылығын жіті түсіне бермейді. Алайда, ауа температура төмендеп, дала суық болған жағдайда бас киімсіз жүруден денсаулыққа тиетін зардап көп. Телпек киіп жүру ең алдымен сіздің дене температурасының төмендеуінен, дәлірек айтқанда гипртермиядан сақтайды.

 

Бас киімсіз жүрудің денсаулыққа зияны

Бас - біздің денеміздің ең сезімтал дене мүшелерінің бірі. Өйткені, бас арқылы көптеген қан тамырлары денеге өтеді. Егер, телпексіз жүрудің салдарынан басыңызға суық тисе, онда қан тамырларының тарылуына және миға қанның баруының бәсеңдеуіне әкеліп соқтырады. Соның салдарынан үнемі бас ауырып жүруі, бас айналуы секілді симптомдар пайда болып, сіздің денсаулығыңыз нашарлай түседі.

 

Дене температурасының көтерілуі

Телпек кию денені жылы ұстауға көмектеседі. Себебі, бас –жылу денеміздің жылуды тез жоғалутға бейім нүктелерінің бірі. Бас киімсіз жүрген уақытта, бас мүшесі көп жылу жоғалтып, дене оның орнын толтыру мақсатында мөлшерінен көп жылу бөледі. Ал, бұл өз кезегінде дене температурасының көтерілуіне әкеліп соқтырады. Соның әсерінен, қан қысымы жоғарылап, басқа ауруларды жұқтыру ықтималдылығы көбейеді.

 

Желді ауа-райында бас киім кию міндетті

Бас киім суықтан ғана емес, желден де қорғайды. Қыста суық жел жиі соғады. Салдарынан күнделікті суық ауа-райына қарағанда, желмен соққан салқыннан бас тезірек тоңады. Анығында, бұндай жағдайда бастың үсіп кету қаупі бар.

 

Суық ауа-райында бас киімсіз жүру шашқа да зиян

Телпек кию басыңыздағы ылғалдың жоғалуына жол бермейді. Суық ауа бас терісі мен шашты құрғатып, оны сынғыш әрі реңсіз етеді. Ал, өз кезегінде бас киім кию шашты қорғап, оның сау болуына көмегін тигізеді.

 

Қыс мезгілінде бас киім кию сіздің денсаулығыңызды сақтайды. Сондықтан, сыртқа шығарда бас киім киюді ұмытпаңыздар! Сіздің денсаулығыңыз – сіздің қолыңызда!

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға