Жаңалықтар

Қысқы универсиадада отандық спортшы алғашқы алтынды иеленді

Биатлоншы Вадим Куралес үздік атанды
Қысқы универсиадада отандық спортшы алғашқы алтынды иеленді
Фото: Sports.kz 15.01.2023 08:40 1368

АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өтіп жатқан қысқы универсиадада қазақстандық биатлоншы Вадим Куралес алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды El.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Вадим Куралес 15 шақырым қашықтықта жекелей сында мәре сызығын бірінші болып қиды.

Жарыс жолына 16-ыншы болып шыққан Вадим нысана көздеуден бір ғана рет (0+1+0+0) мүлт кетіп, 42:37.4 минут нәтиже көрсетті.

Норвегиялық биатлоншы Эрьян Мосенг қазақстандықтан 42,6 секундқа қалып қойып, екінші орынға ие болды. Франциялық Аксель Гарнье (+1:16.5) үздік үштікті түйіндеді.

Қазақстандықтардан бүгін сондай-ақ Александр Мухин, Кирилл Бауэр және Бекентай Тұрлыбеков осы қашықтықта сынға түскенімен, олар жүлдеге іліге алмады.

Осылайша, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде – алтын медаль түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға