Жаңалықтар

Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты

Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты
Фото: «Болашақ» қорының баспасөз қызметі 03.09.2023 19:07 742

Жыл сайынғы Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингі елорданың Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрында өтті, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

«Болашақ» корпоративтік қоры ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуы және дарынды жастарды қолдау мәселелеріне қоғамның назарын аудару мақсатында 2012 жылдан бастап Қысқы қайырымдылық балын өткізіп келеді.

Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты

Қысқы қайырымдылық балы – дәстүрлі түрде бизнестің, дипломатиялық корпустың, қоғамдық және саяси топтардың өкілдерін жинайтын өз тарихы бар Қазақстандағы жалғыз бал. 11 жыл бойы балдың қонақтары классикалық вальстен «жалынды» латиноға шейін дебютанттардың биі, салтанатты кешкі ас, бағалы лоттар аукционы, сондай-ақ іс-шараның серіктестерінен жүлделер ұтыс ойыны бар ғажайып атмосфераға бөленеді.

Биылғы XIV Қысқы қайырымдылық балының дебютанты атанудың құрметі үшін 300-ге жуық адам тартысты. Барлық жылдар ішінде дебютанттар кастингіне 6 мыңнан астам адам қатысты, ал балдың өзіне 148 жұп дебютант қатысты. Бал жүректерді бір-біріне жалғайд, олай деуімізге себеп – 6 жұп дебютант өз алдына отбасы болды.

Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты

Іріктеудің екі кезеңінен: хореографиялық байқаудан және ұйымдастырушылармен әңгімелесуден сәтті өткен 30 үміткер дебютант атанды. Үш ай бойы олар балда орындайтын әр түрлі кәсіби бал билерін үйренеді. Дебютанттарды биге Қысқы қайырымдылық балдарын қоюшы-хореограф хореография факультеті деканының орынбасары, Қазақ ұлттық хореография академиясының аға оқытушысы, ҚР спорттық би федерациялары қауымдастығының мүшесі – Евгений Моисеев.

Қысқы қайырымдылық балының дебютанттар кастингіне 300-дей адам қатысты

Осы балдың арқасында біз құқықтар мен мүмкіндіктер тең инклюзивті, ашық қоғам құрып жатырмыз. Балдардан түскен қаражатқа біздің қор ерекше балалары бар отбасылардың өмір сүру сапасын, инклюзивті білім беру саласында мамандарды даярлау сапасын және соның нәтижесінде инклюзивті білім беру саласында көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыратын бүкіл әлемде қабылданған озық әлемдік тәжірибелерді, ғылыми дәлелденген тиімді әдістемелерді енгізеді. Сонымен қатар біз бүкіл ел бойынша инклюзивті алаңдар желісін құрдық, соның арқасында аутизм және дамуында басқа ерекшеліктер бар 800-ден астам баланы үйдегі оқытудан шығардық. Елдегі тұңғыш мінез-құлық талдаушыларын оқыттық, бүгінгі таңда енді олар ерекше балалармен жұмыс істейтін жүздеген педагогтар мен мамандарды оқытып жатыр, - деп атап өтті «Болашақ» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.          

Жиналған қаражат «Болашақ» қорының ерекше қажеттіліктері бар балалар мен дарынды жастарға арналған «Әр бала мектепке баруға лайықты» және «Жол жүру гранттары» қайырымдылық бағдарламаларына бағытталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға