inkarjala

Қыс кезінде балық аулау: Әлемдік рекорд, сүйікті іс және көңіл тыныштығы...

18.01.2026 17:55

Нағыз балықшылар тыныш жағалауда сағаттап отыруға немесе ағысы қатты өзенде белуардан су кешіп тұруға дайын. Бұл – әуестік пе, әлде демалыстың бір түрі ме? Қысқы балық аулау әсіресе көпшілікке түсініксіз: аяз, ызғарлы жел, қауіпті мұз – бәрі қатар жүреді. Соған қарамастан, бұл хоббиді таңдағандар аз емес.

Қыс кезінде балық аулауға қатысты қызықты деректер көп. Солардың арасынан бірнеуін сұрыптап, оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

АҚШ-тың Миннесота штатындағы Сигалл көлі қыста нағыз «ірімшікке» ұқсап кетеді. Себебі жыл сайын мұз үстінде 15 мыңға жуық балықшы жиналып, мыңдаған ойықта балық аулайды. 

Канададағы шағын елді мекендердің бірінде 2000 жылы таңғаларлық рекорд тіркелген. Мұнда бір жылда келген балықшылардың балық аулауға жұмсаған уақыты 4,5 миллион күнге тең болған.

Статистикаға сенсек, әлемдегі балықшылардың шамамен 60%-ы ұстаған балығын қайтадан суға жібереді. Мысалы, Канадада бір балықшы қыс мезгілінде 20 келілік көл форелін бір сағаттай аулап, суретке түсіріп алып, қайта жіберген.

Қысқы балық аулау маусымы аса қауіпті. Мұздың жарылуы, боран, қатты аяз - бәрі қауіп төндіреді. 2013 жылы Рига шығанағында 220 балықшы мұздың бөлініп кетуінен теңізге қарай ағып кеткен. Абырой болғанда, құтқарушылардың арқасында адам шығыны болмады.

Қысқы балық аулауда жайлылықты қалайтындар үшін арнайы көліктер ойлап табылған. Олар мұз үстінде тұрып, автокөліктің түбіндегі тесіктен жылы салонда отырып-ақ балық аулайды.

Кей елдерде ұсталған балық арнайы зиянсыз бояумен белгіленіп, қайта жіберіледі. Егер басқа біреу сол балықты қайта ұстаса, оны да босатуы тиіс. Бұл - жазылмаған «джентльмендік келісім».

Қысқы балық аулау – жаңа дәстүр емес. Бұл туралы Аристотельдің өзі жазған. Ал мұз үстінде балық аулау жайлы алғашқы жазбалар б.з.д. IV ғасырға тиесілі.

Балық аулауға әрдайым ас дайындап ішу үшін бара бермейді. 2014 жылы бір балықшы 15 келілік тұқы ұстаған. Ал Гиннес рекордтар кітабына кіру үшін міндетті түрде алып балық ұстау шарт емес: сары алабұға ұстаған 12 жастағы қыз да тарихқа енді.