Жаңалықтар

Қыс басталғалы Астана көшелерінен 270 мыңға жуық рейс қар шығарылған

Қыс басталғалы Астана көшелерінен 270 мыңға жуық рейс қар шығарылған
Фото: ©El.kz/Жалгасбек ТОКТАМЫСОВ 04.02.2024 22:51 525

Қардың көп мөлшерде жауғанына байланысты қаладағы коммуналдық қызмет күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатыр. Түнгі ауысымда қар тазалау жұмыстарында 300-ге жуық жол жұмысшысы, 1,3 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

4 ақпан күні елордадан 45 мың текше метрден астам қар немесе 3 364 жүк рейсі шығарылды. Қыс басталғаннан бері қаладан полигондарға 3 659 196 текше метр қар немесе 269 753 жүк рейс тасымалданған. 

Естеріңізге салсақ, елордада бірнеше қар полигондары орналасқан. Полигондар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған. Мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған. Қар шығару жұмыстары тәулік бойы, күндізгі және түнгі ауысымда жүргізіледі.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, 5 ақпанда Астанада қар жаумайды, күн бұлтты болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м / с. Ауа температурасы түнде -7-9 аяз, күндіз -1-3 градус болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға