Жаңалықтар

Қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі

Қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы өседі
Фото: t.me/KZgovernment 06.08.2024 10:54 477

Үкімет отырысында оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің шәкіртақысы былтырғы деңгейден 50%-ға ұлғаятынын айтты, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Колледж студенттерінің шәкіртақысы 2022 жылы 21 мың теңге, 2023 жылы 32 мың теңге, 2024 жылы 43 мың теңгеге көтеріледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде мемлекеттік тапсырысты ұлғайту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Бүгінгі таңда 145 мың грант бөлінді, оның 65%-ы техникалық мамандықтарға бағытталған. Сондай-ақ 1 қыркүйектен бастап колледж студенттерінің стипендиясы өткен жылғы деңгейден 50%-ға ұлғаяды, – деді Ғани Бейсембаев.

Бұдан өзге оқу-ағарту министрі биыл 2 103 орынға арналған 8 жатақхана салынып жатқанын айтты.

Бүгінгі күні Павлодар және Түркістан облыстарында 259 орынға арналған 2 жатақхана пайдалануға берілді. Талдау нәтижелері кейбір өңірлерде студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі әлі де маңызды екенін көрсетіп отыр. Бұл Алматы (2 349 төсек-орын), Астана қалалары (1 291) және Ақмола (1 112), СҚО (811), Алматы (711) облыстары, – деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға