Қырғызстанда бүгін, 22 маусым сағат 2:48-де 3,5 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елдің Ұлттық ғылым академиясы институты таратқан мәліметке сәйкес, зілзала ошағы Ақ-Құдық ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13 шақырым жерде, Восьмое Марта ауылынан солтүстікке қарай 16 шақырым жерде, Нарын қаласынан солтүстік-батысқа қарай 50 шақырым жерде орналасқан. Елді мекендерде жер сілкінісінің қарқындылығы: Ақ-Құдық, Лесхоз ауылдарында - 3.5 балл, ал Восьмое Марта, Шоро, Қадыралы, Жылан-Арық, Тегерек, Ылайлы-Суу ауылдарында 2.5 балл болды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

