Жаңалықтар

Қырғызстанда вейптер мен электронды темекіге тыйым салынды

Қырғызстанда вейптер мен электронды темекіге тыйым салынды
Фото: Pixabay 25.11.2024 04:29 364

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kabar-ға сілтеме жасап.

Аталған Заңның мақсаты – никотинді сұйықтықтары бар электронды сигареттерді қолданудан азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатын қорғауды қамтамасыз ету.

Заң бойынша Қырғыз Республикасының аумағына электронды сигареттерді әкелуге, айналымға шығаруға және пайдалануға тыйым салынады.

Сонымен қатар, Заңда электронды сигареттерді пайдалану мен сатуға тыйым салу талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған, ол Қырғыз Республикасының құқықбұзушылықтар туралы Кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Электронды сигареттерді пайдаланғаны үшін жеке тұлғаларға – 100 есептік көрсеткіш, заңды тұлғаларға – 600 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал электронды сигареттерді сатқан жағдайда жеке тұлғаларға – 200 есептік көрсеткіш, заңды тұлғаларға – 650 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Сонымен қатар, Заңға Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіне өзгерістер енгізілген. Оған сәйкес, электронды сигареттерді заңсыз әкелу, егер бұл елеулі көлемде жасалған болса, екі айдан бір жылға дейін түзеу жұмыстарымен немесе 1000-нан 1200 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салумен, сондай-ақ бір жылға дейін белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айырумен жазаланады.

Егер осы әрекет ірі немесе аса ірі көлемде жасалса, 1500-ден 2000 есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады немесе бір жылдан екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және екі жылға дейін белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға