Қырғызстанда тағы да алапат сел жүрді
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
24.07.2024 12:43
743
23 шілде күні Қырғызстанның Жалал-Абад облысына қарасты Арстанбап ауылында қатты сел жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сел салдарынан бір аурухана, сауда үйі, бес көпір зақымданып, 23 автокөлікті су шайып кеткен.
Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылардың селдің зардаптарын жоюмен айналысып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Базар-Қорған ауданының жедел жәрдем қызметі де зардап шеккендерге көмектесіп жатыр.
Айтай кетейік, 20 сәуір мен 1 шілде аралығында Қырғызстанда 230-дан астам сел оқиғасы тіркелген. Сел салдарынан ондаған адам қаза тапты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға