Қырғызстанда елдің жаңа туы ілінді
01.01.2024 16:46
Фото:
© Sputnik / Акбар АКЖИГИТОВ
Қырғызстан астанасы Бішкектегі бас алаң Ала-Тоода елдің жаңартылған туы көтерілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты іс-шараға президент Садыр Жапаров қатысып, мемлекеттік рәмізді өзгерту жеке бастамасымен жүзеге асқанын алға тартты.
Республика туды ресми түрде 26 желтоқсанда ауыстырды. Күндегі толқын тәрізді сәуле аздап өзгеріп, түндікте де аздаған өзгерту болған.
Президент Садыр Жапаров жаңа тудың қолданысқа енгеніне қарамастан, бұрынғы туға құрметпен қарау талап етілетінін алға тартты.
Айта кетерлігі, Қырғызстанда парламент депутаттары елдің мемлекеттік туындағы күн сәулесінің пішінін өзгертуді ұсынатын заңды мақұлдаған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

