Жаңалықтар

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Астанаға келді

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Астанаға келді
Фото: primeminister.kz 03.07.2024 17:00 299

Садыр Жапаров 3-4 шілде аралығында өтетін ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді. Елорда әуежайында Қырғызстан президентін ҚР Үкіметінің басшысы Олжас Бектенов қарсы алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Қазақстан мен Қырғызстан берік одақтас ретінде екіжақты өзара қарым-қатынас орнатып, елдер арасында оларды тереңдету және кеңейту туралы тиісті шартқа қол қойылған.
 
Өзара тауар айналымы тұрақты өсім көрсетіп келеді. 2019-2023 жылдар аралығында бұл көрсеткіш 67,3%-ға артып, $1 572 млн-ға жетті. 
 
ШЫҰ саммиті аясында Орталық Азия бойынша, оның ішінде энергетика, қауіпсіздік және басқа да салалардағы әлемдік ынтымақтастық мәселелері қозғалады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға