Қырғызстан премьер-министрі қызметінен босатылды
2024 жылғы 16 желтоқсанда Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров өз еркімен қызметінен кету туралы өтініш берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның отставкасы бүгін қабылданды. Қазіргі уақытта министрлер кабинетін кім басқаратыны туралы ресми ақпарат жоқ.
Ақылбек Жапаров 2021 жылдың 13 қазанында министрлер кабинетінің төрағасы және президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған еді. Ол осы қызметте үш жыл бойы жұмыс істеп, елдің экономикалық дамуына және мемлекеттік басқару жүйесіне елеулі үлес қосты.
Жақында, 2024 жылдың қараша айында, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мектеп мұғалімдерін сапалы ноутбуктермен қамтамасыз ете алмағаны үшін Ақылбек Жапаровқа және бірқатар лауазымды тұлғаларға сөгіс жариялаған болатын.