Қырғызстан мен Қытай шекарасында тағы жер сілкінді
23.01.2024 09:00
Фото:
© Depositphotos.com
Қырғызстан мен Қытай шекарасында тағы бір жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сейсмологтардың айтуынша, жерасты дүмпулері Алматы уақытымен 07:52-де тіркелген.
Орталығы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.
Ал магнитудасы 4.6-ны құрады. Тереңдігі - 5 км.
Қазақстан аумағында сезілмеген.

