Қырғызстан долларды елден шығаруға тыйым салды
Фото: 7kun.kz
Фото: 7kun.kz
16.01.2023 21:06
1312
Қырғызстанда қолма-қол шетел валютасын әкетуге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Құжатқа сәйкес, резидент еместерге және шетел азаматтарына 5 мың АҚШ долларынан асатын шетел валютасын, Қырғызстан азаматтары мен резиденттеріне 10 мың доллардан астам сомаға шетел валютасын шығаруға уақытша тыйым салынады. Қырғызстан Республикасының азаматтары мен резиденттерінен 10 мың АҚШ долларынан асатын қолма-қол ақшаны әкеткені үшін белгіленген лимиттен асатын соманың 10% көлемінде төлем алынады.
Елдің шекара және мемлекеттік кеден қызметтеріне қолма-қол АҚШ долларын әкетуге жол бермеу бойынша қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Универсиада-2023: Хоккейден ел құрамасы Ұлыбританияны жеңді
Келесі жаңалық
Астанада шаңғы маусымы ресми түрде басталды