vb.kg

Қырғызстан депутаттары енді жалақы алмай, тегін жұмыс істейді

24.10.2025 12:31

Қырғызстан билігі парламентте жапай өзгеріс жасап, кеңесшілер тізімін мүлдемге қысқартып тастады деп хабарлайды, El.kz интернет порталы

Қырғызстанда алдағы сайлауға байланысты парламент депутаттарының кеңесшілері мен көмекшілері қызметтен босатылды. Қазіргі депутаттарға жалақы төлеу де уақытша тоқтатылғанымен, өкілеттіктері жаңа шақырылым жұмысқа кіріскенге дейін сақталады.

Парламент бұл шешімді сайлауға қатысушыларға тең мүмкіндік беру мақсатында қабылдағанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін парламент өзін-өзі тарату бастамасын қолдап, қажетті 32 дауыс жинаған. Бұл шешім 2026 жылы қатар өтетін парламенттік және президенттік сайлауға дайындықпен байланысты. Келесі сайлау 2025 жылдың 30 қарашасына белгіленген.