«Қыр соңымнан қалмады». Алматыда ер адам бойжеткенді зорламақ болған
Алматыда белгісіз жігіт бойжеткенді көшеде аңдып, кейін онымен бірге подъезге кіріп, шабуыл жасаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видео Almaty Krispi instagram парақшасында жарияланды.
Аталған оқиға 31 шілдеде болған. Алматылық тұрғыны жұмыстан үйіне қайтып келе жатқанда белгісіз ер адам оның қыр соңынан қалмаған.
Жігіт артымнан аңдып жүрген, кейін подъезге кірген екен. Мен кіріп, кілтті есікке салдым, ол артымнан келіп, аузымды жапты, кейін маған тиісе бастады, кеудемді ұстай бастады. Ол маған әрі қарай қол тигізбеуі үшін еденге отырдым, қолын итеріп жібергім келді, бірақ шамам келмеді, отбасым үйде болатын, есікті ұра бастадым.
Қорыққаннан ол жүгіріп шықты, мен үйге әрең кіріп, болған жағдайды анама айттым. Анам оны іздеп көшеге шықты. Кейін полицияға хабарластық, олар саусақ іздерін алды. Кіреберісте де, сыртта да камера жұмыс істеп тұрғаны жақсы болды.
Ол 02.08.2023 жылы ұсталды. Менің ісім екі ай қаралып, 2023 жылғы 22 қыркүйекте жабылған, бірақ мен кеше ғана білдім. Өйткені маған іс туралы ештеңе айтпады, тергеуші мені де, анамды да елемейді. Ол лайық жаза алу үшін мен бұл іс бойынша әділеттілікке қол жеткізгім келеді. Менен басқа ешкімнің мұндай жағдайға тап болғанын қаламаймын, - деп жазды бойжеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram