El.kz/Арман МУХАТОВ

Қымбат көлігі мен үйі барлар қанша салық төлейді?

15.08.2025 13:14

«Сән-салтанат салығы» кімдерге қатысты, қандай мүлікке қолданылады, оның мөлшері қанша және қандай жеңілдіктер қарастырылған? Осы және басқа да жиі қойылатын сұрақтарға Мемлекеттік кірістер комитеті ресми түсініктеме ұсынды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

«Сән-салтанат салығына» не жатады?

  • Автокөліктер — құны 18 000 АЕК-тен жоғары (шамамен 70 млн ₸)

  • Яхталар, ұшақтар — 24 000 АЕК-тен жоғары (шамамен 100 млн ₸)

  • Алкоголь өнімдері — бағасы 500 000 ₸-ден қымбат

  • Темекілер — бағасы 10 000 ₸-ден қымбат

  • Жылжымайтын мүлік — иесіне тиесілі барлық нысандардың жалпы құны 450 млн ₸-ден асса (салық салынатын, нарықтық емес бағамен)

Салық қалай есептеледі?

  • Көліктер — 18 000 АЕК-тен бастап, салық + құнының 10%-ы мөлшерінде акциз

  • Яхталар, ұшақтар — 24 000 АЕК-тен бастап, салық + құнының 10%-ы мөлшерінде акциз

  • Алкоголь — бағасы 500 000 ₸-ден асса, салық + литріне құнының 10%-ы мөлшерінде акциз

  • Темекі — бағасы 10 000 ₸-ден асса, салық + данасына құнының 10%-ы мөлшерінде акциз

  • Жылжымайтын мүлік — 2 946 600 ₸ + 450 млн ₸-ден асқан соманың 2%-ы

Бірнеше пәтер немесе үйім болса, салық төлеймін бе?

Иә. Егер барлық пәтер, үй мен саяжайдың жалпы құны 450 млн ₸-ден асса, салық міндетті.

Мысал:
Мүлік құны — 500 млн ₸ болса:
Салық = 2 946 600 ₸ + (50 млн ₸ × 2%) = 3 946 600 ₸.

Егер жалпы құны 450 млн ₸-ден аз болса, салық әр мүлікке жеке есептеледі.

Ескі автокөліктерге жеңілдік бар ма?

  • 10 жылдан асқан жеңіл көліктерге — 30% жеңілдік

  • 20 жылдан асқан жеңіл көліктерге — 50% жеңілдік

Көлік салығына қандай өзгерістер енгізілді?

  • Арнаулы салық режимін қолданатын ауыл шаруашылығы өндірушілеріне бір пикапқа қосымша жеңілдік беріледі.

  • 31.12.2013 жылдан кейін әкелінген немесе сатып алынған көліктерге қолданылған жоғарылатылған мөлшерлеме алынып тасталды.

  • Ағымдағы төлемдерді есептеу жойылып, тек жылдық декларация тапсырылады.