Жаңалықтар

Қылмыстық топ жетекшісі 12 жылға сотталды

Қылмыстық топ жетекшісі 12 жылға сотталды
Фото: gov.kz 13.09.2024 15:20 485

Ұлттық қауіпсіздік комитеті тамыз айындағы материалдар негізінде Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аймақтағы қылмыстық ортаның жетекшілерінің біріне үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол кісі өлтіруге әрекеттенді деген айыппен 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Көрсетілген қылмыстық іс бойынша тергеудің тағы бір қатысушысы сот шешімін күтуде. Жалпы, Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп және Бас прокуратураның үйлестіруімен республиканың бірқатар өңірінде 15 қылмыстық топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. 60 адам, оның ішінде деструктивті діни ағымдардың өкілдері, жергілікті және шетелдік қылмыскерлер, сондай-ақ жазасын өтеп жатқан адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Олар кісі өлтіруге әрекеттенді, қылмыстық топты басқарды және оған қатысты қарақшылық жасады, бопсалады, есірткіні заңсыз сақтады, қару-жарақпен айналысты, адамды ұрлады, сондай-ақ заңсыз құмар ойындар бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен айыпталуда.

Жиырмадан астам атыс және жарақат салатын қару тәркіленді. Қылмыстық топтардың 5 қатысушысы сот органдарының шешімімен түрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды. Қалғандары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер мен сот процестері жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға