Қылмыс әлемінде “Леха Семипалатинск“ атымен танымал қазақстандық Ресей түрмесінде қайтыс болды
09.10.2024 22:09
Фото:
Мәскеу прокуратурасы
Қылмыстық ортада "Леха Семипалатинск" деген атпен танымал 66 жастағы қазақстандық ұры Айтқали Маймұшев Ресейдегі түрмеде асылып өлген күйі табылды. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақпаратты Prime Crime Telegram-каналы таратты. Айтқали Маймұшев жазасын Карелия Республикасындағы Надвоицы ауылындағы түзеу колониясында өтегені белгілі.
2023 жылдың шілдесінде Маймұшевті Мәскеу қалалық соты қылмыстық иерархияда жоғары лауазымға ие ("вор в законе" деп аталатын) және есірткі саудасы үшін кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

