Жаңалықтар

Қыдырәлі мен Қарақат дүркіретіп той жасайтынын айтты

Қыдырәлі мен Қарақат дүркіретіп той жасайтынын айтты
Фото: Әлеуметтік желі 18.10.2023 14:30 21030

Жұлдызды жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина ”Ұйқым келмейді” бағдарламасында отбасымен тойға дайындалып жатқанын айтып, көпшілікті қызықтырып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіден қызу дайындыққа кірісіп кеткенін байқаған жұртшылық жұлдызды отбасыға келін түседі деп топшылаған.

Бекболат бұйырса екі досына жігіт жолдас болды. Ер кезегі үшке дейін. Енді үшіншісі өзіңнің тойың болсын деп айтып жатырмын. Бір әрқашан қолдаймыз, дайынбыз, – деді Қарақат Әбілдина.

Сондай-ақ ол айдың аяғына жоспарланған тойдың себебін айтты.

Ең бірінші тойымыз “Ұлытау” тобының концерті болса, екінші тойымыз Аяламыз биыл мектепке барды. Айзадамыз үш жасқа толды. Жалпы үйдегі гүлдерімізе, қыздарымызға ерекше ықылас болсын дедік. Оның үстіне мектеп табалдырығын аттағандықтан ол да бір өміріндегі маңызды, елеулі жайт. Әкесі “Концертке дейін ештеңе қоймай-ақ қояйық. Абыроймен атқарып алған соң тілашарды көп ұзатпай келесі күні-ақ жасаймыз” деді. Әкесінің тілегін қабыл алдық. 24 қазан концерт, 25 қазан Аяламыздың тілашар тойы, – дейді Қарақат Әбілдина.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға