Қыдырәлі Болмановтың қысымынан кейін жарыққа шыға алмай қалған әнші 40 жасын тойлады
Сахнада көптен бері көрінбей кеткен әнші Нұржан Қалжан 40 жасқа толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнер иесі мерейтойында туған-туыстары мен өнердегі әріптестерінің басын қосты. Ал бұл кештен суреттер мен видеоны әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Қош келдің, 40 жас. Той басталды. Тойды өзім әнмен бастадым. Достарыма көп рахмет, - деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Нұржан Қалжанның қуанышын бөлісуге Мейрамбек Бесбаев жұбайымен, Майра Ілиясқызы, Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер, Құдайберген Бекіш, Бүркіт пен Аиша, Ұланғасыр Қамиев, Асқар Жүнісбеков, Роза Әлқожа секілді жұлдыздар келген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұған дейін Нұржанның өзі сахнадан көрінбей кетуінің себебін атаған.
Мұның алдында "Бұлбұл құсым" әнімен танылған Нұржан Қалжан өзінің бұрынғы продюсері Қыдырәлі Болмановқа қатысты мәлімдеме жасап, екеуара келіспеушілікке ақша себеп болғанын айтқан. Тіпті әндерінің радиода қойылуына да тыйым салғанын тілге тиек еткен.