Құтқарушылар жүргізуші мен жолаушыға көмек көрсетті
03.01.2025 22:44
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Қарағанды облысының Шет ауданындағы облыстық маңызы бар автожолдың 33-шақырымында жеңіл автокөлік жолдан шығып шығып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ құтқарушылары жедел әрекет етіп, вахтаның көмегімен автокөлікті жолдың тазартылған бөлігіне шығарды. Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Төтенше жағдайлар министрлігі дауылды ескертулерге назар аударып, ауа-райының қолайсыздығына байланысты елді мекеннен тыс жерге шықпауға кеңес береді.

